Болашақты қазірден бастап қалаған жөн

Астана мәслихатының депутаты Серік Жақсыбеков сайлаушылармен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050: Ортақ мақсат, ортақ мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауы бүгінде бар қазақстандық қоғамның қызу талқылауында. Астана мәслихатының депутаттары да сыртта қалмай, өз сайлаушыларымен кездесулер өткізіп, Елбасымен тұрғындар алдына қойылған ортақ мақсаттар мен міндеттерді түсіндіруге кірісті. Таяу күндері Серік Жақсыбеков № 6 гимназия ғимаратында өз округіне қарасты оқу орындарының ұжымдарымен қызықты да сындарлы сұхбат өткізді.

Гимназияның мәжіліс залына № 20, 29, 30, 41 және 51 бала-бақшаларының, № 15 мектеп-лицейінің, № 1 балалар музыка мектебінің еңбеккерлері және гимназия оқушылары мен оқытушылары бас қосты.

Серік Рыскелдіұлы оқу орындарының ұжымдарын Елбасымен 2050 жылға дейін қойылған Жолдаудың стратегиялық міндеттерімен таныстырып өтті.

— Жолдауға сәйкес мақсат нақты анықталып отыр — 2050 жылға қарай Қазақстан әлемнің 30 дамыған елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл өте маңызды міндет. 30 дамыған мемлекет дегеніңіз — бұл экономикасы жақсы дамыған елдер ғана емес, бұл — өмірдің барлық салаларында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алған елдер. Меніңше, алдымызға қойылған міндетті әбден орындауға мүмкіндігіміз бар, — деп атап өтті Серік Жақсыбеков.

Ол жеті басым бағыт жайлы сөз қозғады. 2050 жылға дейінгі мерзімге бөлінген бұл бағыттар аясында Қазақстан әр бес жылдың ішінде алға жылжып отыруы тиіс. Оның сөзінше, еліміз өз дамуында қазірді өзінде-ақ көптеген шыңдарға көтеріліп отыр. Орталық Азиядағы көршілес елдердің бұл жетістіктері болса, әлі алда. Сол себепті-де, Қазақстан өз болашағын орташа жедел және ұзақ жедел келешекте жоспарлап отыр.

— Жасы мен шамалас буын кеңес халқы коммунистік қоғамды 70 жыл бойы құрғанын жақсы біледі. Біз бұл идеяға нанып, оған қол жеткізу жолында еңбек еттік. Алайда, дамудың бұл жолы қате көрсетілген болатын. Ал қазіргі шешімдердің барлығы дұрыс. Өйткені, бар өркениетті әлем осы тәртіп бойынша өмір сүріп, осылайша еңбек етеді. Сондықтан да, барлығымыз еңбектенуіміз әрі жаңа міндеттерді шешуіміз қажет, — деді депутат.

Серік Рыскелдіұлы Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі — елге қызмет ететін нақты зерттемелер мен жаңалықтар үшін ғылым саласын қаржыландыруды кезеңдеп арттыру сұрағына нақты тоқталып өтті. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда көптеген мектеп оқушылары болашақта Қазақстандағы ғылыми-техникалық өрлеуге жағымды әсер етуі мүмкін өздерінің жобалары мен бағдарламаларын ойлап шығаруда. Сол себепті-де, мемлекет бұндай үрдіске барынша қолдау көрсететін болмақ.

— Жолдауда ұлттық инновациялық жүйенің тиімділігін арттырудың маңыздылығы да атап көрсетілген. Инновациялар — бұл алға жылжу. Аталмыш сұраққа мемлекет тарапынан үнемі көңіл бөлінетін болады, — деп атап өтті бұл орайда Серік Жақсыбеков.

Бұл күнгі жиналысқа келген ұстаздар қауымын депутат алдағы уақытта олардың жалақылары көтерілетініне қатысты да қуанышты хабар жеткізді. Оның сөзінше, мұғалімнің жақсы еңбекақысы онымен білім берудің тиімділігі мен сапасына тиісті әсер етеді.

Депутатпен өткен кездесу барысында ұстаздар қауымына да сөз берілді. № 6 гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Светлана Кузнецова осыдан біраз жыл бұрын Елбасымен жарияланған «Стратегия — 2030» бағдарламасына сол кезде қазақстандықтардың көбі сенімсіздікпен қарағанын еске түсірді. Бүгінде бұл бағдарламаның басым бөлігі жүзеге асырылып отырса керек.

— Бүгінгі таңда біз басқа мемлекетті, басқа елді, қоғамды, құндылықтар жүйесі мен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Сол кезде сенім білдіргендердің көбі бүгінде өз қызметінде көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Сол себепті-де, Елбасымыздың сөздеріне және алдағы жылдары жасалатын игі істерге сындарлы қарауларыңызды сұраймын, — деді өз сөзінде Светлана Кузнецова.

Жүздесудің соңында Серік Жақсыбеков барлық жиналған қауымға Елбасының Жолдауына және жаңа стратегиялық бағытқа деген ыстық ықыластары үшін алғысын білдіріп, 2050 жылы осы залда қайтадан қауышып, еліміздің жетістіктерімен бөлісуді тіледі.

Ал келесі күні депутат Елбасының «Қазақстан — 2050» Жолдауын түсіндіруге арналған кездесуін «Цесна» Корпорациясы» АҚ-ның ұжымымен өткізді.

Фотосуретті түсірген Александр ГОНЧАРЕНКО

Тізімге оралу