БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Қазақстанда алғаш рет «Цеснабанк» АҚ-ның Еншілес компаниясы «Цесна Капитал» АҚ 2016 жылғы 03 мамырдан бастап жергілікті нарықта онлайн-режимде қатар сауда жүргізуге мүмкіндік беретін барлық негізгі каналдарды ұсынатын «Цесна Капитал» Сауда платформасын» іске қосты

«Онлайн қызмет» ұсыну саласындағы заманауи үрдістерді, сондай-ақ мобильді құрылғы технологияларының дамуын ескере отырып, біз өзіміздің клиенттерімізге әлемнің кез келген шалғай нүктесінде бағалы қағаздармен мәміле жасауға мүмкіндік беретін «Цесна Капитал» Сауда Платформасын қуана ұсынамыз.

«Цесна Капитал» Сауда Платформасы пайдаланушыларды дербес шоттардың жағдайы, Қазақстан Қор Биржасындағы сауда барысы туралы бүкіл қажетті ақпаратпен, оның ішінде қаржы құралдарының баға белгіленімі туралы мәліметпен, нақты мерзім аралығында олардың құнының өзгеру кестелерімен қамтамасыз етеді, өз қаржы құралдарының тізімін ыңғайлы тәртіпте икемдеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

«Цесна Капитал» Сауда Платформасы жоғары қауіпсіздік нормаларын қолдана отырып әзірленді, интернет-қосылыс қауіпсіздік механизмдерінің пайдаланылуымен қорғалған канал бойынша жүзеге асырылады (https хаттамасы және SSL қауіпсіздік сертификаты). Клиенттердің сауда операциялары Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына толық сәйкес, клиенттің электрондық цифрлы қолтаңбасының қолданылуымен жүзеге асырылады.

Біздің кемелдік пен қызмет сапасын жақсартуға ұмтылысымыз Сауда платформасына қолжетімділіктің барлық негізгі пішімдерін: компьютер арқылы да, мобильді құрылғылар мен смартфондар арқылы да қолдауымызда көрініс тапты. Атап айтқанда, клиенттеріміз тегін негіздегі төрт қатынау нұсқасы ішінен өздеріне неғұрлым ыңғайлысын таңдай алады:

  • ·         Стационарлық компьютерге арналған нұсқа - бұл қосымша оны жүктеп алу үшін «Цесна Капитал» АҚ ресми веб-ресурсында орналастырылған. Бағдарламалық жасақтама клиенттің дербес компьютерінде орнатылады. Операциялары мен қарау мүмкіндігі бойынша анағұрлым кең атқарымдылығымен ерекшеленеді.

  • ·         Браузерлік нұсқа - HTML-қосымшасы «Цесна Капитал» АҚ ресми ресурсында орналастырылған. Қосымшамен тікелей браузердің өзінде, кез келген ыңғайлы құрылғыда, дербес компьютерге орнатпастан-ақ жұмыс істей беруге мүмкіндік береді.

  • ·         iOS-қосымшасы мобильді нұсқасы – «Цесна Капитал» Сауда Платформасын» қосымшаның Брокерге қатыстылығын растайтын APPSTORE ресми интернет-дүкені арқылы Apple мобильді құрылғыларына орнатуға мүмкіндік беретін қосымша. Сіз өз ұялы телефоныңыз немесе планшетіңіз арқылы тапсырыстар мен бұйрықтар беріп, өзіңіздің қаржы құралдар портфеліңіз бен ақшаңыздың жағдайын компьютерсіз-ақ онлайн көре аласыз.

  • ·         Android-қосымшасы мобильді нұсқасы – «Цесна Капитал» Сауда Платформасын» қосымшаның Брокерге қатыстылығын растайтын GOOGLE PLAY ресми интернет-дүкені арқылы Android жүйесіндегі мобильді құрылғыларға орнатуға мүмкіндік беретін қосымша. Сіз өз ұялы телефоныңыз немесе планшетіңіз арқылы тапсырыстар мен бұйрықтар беріп, Өз қаржы құралдар портфеліңіз бен ақшаңыздың жағдайын компьютерсіз-ақ онлайн көре аласыз.

«Цесна Капитал» Сауда Платформасын» пайдаланушы-клиенттер үшін қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда арнайы төмендетілген тарифтер қолданылады.

«ЦеснаКапитал» АҚ Басқармасының Төрағасы Балкенов Самат айтып өткендей, «біздің компаниямыздың корпоративтік клиенттері - заңды тұлғаларға табысты қызмет көрсетуіміздің жалғасы ретінде, соңғы кездері бізге корпоративтік клиенттеріміздің қызметкерлерінің оларға Компанияның жеке клиенттері ретінде қызмет көрсетілуіне қатысты ұсыныстары жиі келіп түсетін болды. Осыған орай, біз әлемнің жетекші инвест банктары тәрізді қолжетімділіктің барлық негізгі мүмкіндіктерін қолдану арқылы онлайн сауда жүргізуге арналған сауда платформасын ендіру туралы шешім қабылдадық. Осылайша, біз клиенттеріміздің қажеттіліктеріне мүмкіндігінше жедел жауап қайтарып қана қоймай, оларға онлайн-режимде өз шоттарын басқаруда ең озық мүмкіндіктер ұсына аламыз, бұл компаниямыздың өз клиенттері үшін олардың бірінші нөмірлі таңдауына айналуды көздейтін стратегиялық мақсатын байқатады.

Біз клиенттерімізге қолайлы жағдай тудыруда үнемі ізденіс үстіндеміз және болашақта «Цесна Капитал» Сауда Платформасының атқарымдылығын кеңейтуді жоспарлап отырмыз, сондықтан сіздің осы жүйе мен ұсынылған сервистің жұмысына қатысты қандай да пікіріңіз не ұсынысыңыз біз үшін өте маңызды. Қосымша сұрақтарыңыз болса, келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады:

Клиенттермен қарым-қатынас бөлімі: «Цесна Капитал» АҚ тел. + 7 7172 472, 553, 554,

+7 7172 767-443 ішкі 112, 102,

Email:info@tscapital.kz

Сайт: www.tscapital.kz

 «Цесна Капитал» АҚ – бас кеңсесі Астана қ. орналасқан жалғыз брокерлік және инвестициялық компания. Біз 2015 жылдың соңына қарай капиталдандыру бойынша ең ірі брокерлік компаниялардың бестігіне кіреміз және активтері бойынша Қазақстан Республикасының 3-ші ірі банкі - «Цеснабанк» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы болып табыламыз. Клиенттеріміздің қатарында – ірі квазимемлекеттік компаниялар, мемлекеттік монополиялар мен жеке сектордағы компаниялар.

Тізімге оралу