Цесна – уақытпен тексерілген бренд!

05.05.2018

Цесна – уақытпен тексерілген бренд!

2018 жылғы 10 мамырда «Цесна» Корпорациясына 30 жыл толады. Бүгін Корпорация әрбір қазақстандыққа белгілі, мықты ұлттық бренд болып табылады.
30 жыл ішінде «Цесна» Корпорациясы бөлшек сауда-саттық, құрылыс, өндіріс, астық өңдеу, медиабизнес және т.б. сияқты экономиканың әртүрлі салаларында көптеген бизнес-жобаларды жүзеге асырды.
Корпорацияның табыс формуласы ¬¬– тиімділік пен авантюризм, ұстамсыздық пен өмірдегі өз орныңды сезіне білу арасында тепе-теңдікті сақтай білу. Компанияның дамуы Қазақстан Республикасының тарихымен тығыз байланысты.
Сонау 1988 жылы ҚазСРО-да «Целиноградглавснаб» кеңсесінің жанынан Коммерциялық орталық құрылды, болашақта ол «Цесна» ірі корпорациясына айналды. 90-шы жылдардың басында Корпорацияның компаниялары целиноградтықтарды тапшы тауарлармен қамтамасыз ететін, туристік сапарлар ұйымдастыратын, «Қыпшақ» мейрамханасы жұмыс істеді, кейіннен өндіріс жағын дамыта бастады. «Цесна» нан үйі қаланы күн сайын жаңа піскен нан-тоқаш өнімдерімен қамтамасыз ететін, «Адите» кәсіпорны құрылыс материалдарын, «Химцес» тұрмыстық химияны шығаратын, «Техцес» кәсіпорын және халық үшін автокөліктерді сатып алу және сату жұмыстарымен айналысатын. Сол кезде Целиноградтағы алғаш коммерциялық газет болып «Инфо-Цес» қалалық ақпараттық хабаршысы, «Сарыарқа» әдеби-көркем журналы, «Азамат-Таймс» халықаралық келісім газеті және «Цесна» телеарнасы шыға бастады.
Сонымен қатар Корпорация Қазақстанның ірі қаласы – Алматы қаласында дами бастады. Алматыда спортқа қолдау көрсететін «Цесна» спорт клубы» фирмасы құрылды. 1990 жылы «Цеснаның» қолдауымен доппен хоккей бойынша қазақстандық команда КСРО чемпионы атанды! 1998 жылы Алматыда жылына 2 миллион литр сыра шығаратын «Ирбис» сыра зауыты ашылды!
«Цесна» брендінің 100% танымалдығын қамтамасыз ететін Корпорацияның ірі жобаларының бірі – қазір «Цесна-Астық» Концерні ретінде танымал, астық өңдейтін кәсіпорын. 1992 жылы Корпорация қиын-қыстау кезеңді басынан өткізіп жатқан нан зауытын, элеваторды, диірменді дамыта бастады. Шағын, бірақ жоғары технологиялық өндірістерден бастап, «Цесна» өнімді өсіру, сақтау, терең қайта өңдеу және сату - толық циклды жүзеге асыратын саланың жетекші кәсіпорнын құрды.
Президенттің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі шешімі Корпорацияның дамуында ерекше орын алды. 2000-шы жылдары «Цесна» барлық ресурстарын құрылыс бизнесін дамытуға бағыттады. Жаңа астана үшін көптеген стратегиялық маңызды нысандар Корпорацияның тікелей қатысуымен салынды. Олардың ішінде: Қаржы министрлігінің ғимараты, астаналық цирк, «Астана» ұлттық теннис орталығы, «Көрме» көрме орталығы, Астана әуежайының VIP-ғимараты, тұрғын үй кешендері, көлік-логистикалық орталықтар.
Бүгін Корпорация дамуының орталық векторларының бірі Цеснабанкпен және оның «Цесна гарант» сақтандыру компаниясы, «Цесна-Капитал» инвестициялық-брокерлік компаниясы және «Плюс банк» ЖАҚ ресей банкі еншілес ұйымдарынан құрылған қаржы секторы болып табылады. 2017 жылы Цеснабанк іргесі қаланған күнінің 25 жылдығы - күміс мерейтойын атап өтті. Осы жылдар банк үшін мінсіз іскери беделге, беделді бизнес-басылымдардың марапаттарына, әріптестердің құрметіне және клиенттердің сеніміне лайықты түрде ие болған қарқынды әрі табысты даму жылдары болды.
Нарықтағы өзгерістерге орай бірден әрекет ете тұра және жинақталған тәжірибесіне сүйене отырып, «Цесна» Корпорациясы 30 жыл ішінде өз жолын шағын аймақтық коммерциялық фирмадан бастап ірі көп салалы холдингке айналды. 30 жыл «Цесна» өз қызметкерлерінің, серіктестері мен клиенттерінің таланттарын, қабілеттіліктерін және армандарын бірікітіріп келеді. Және бүгін Корпорация заман сынынан сүрінбей өтіп, болашаққа үлкен сеніммен қарайды.

Анықтама үшін: «Цесна» корпорациясы – қаржы қызметтерін көрсететін, портфелінде компания акциялары бар, ірі көп қызметті холдингтік компания. «Цесна» бренді Қазақстан бойынша 6500 қызметкерді біріктіреді.

Тізімге оралу