Цеснабанк ТМД ішінен World Finance 100 марапатын алған алғашқы банк болып атанды

 

29 Октября 2012

Цеснабанк ТМД ішінен World Finance 100 марапатын алған алғашқы банк болып атанды

Цеснабанк World Finance британиялық журналымен ұйымдастырылатын жыл сайынғы жобасының жетекші көшбасшы компаниялары жүздігінің тізімінен орын алып, ТМД мемлекеттері ішінен аталмыш беделді марапатына қол жеткізген тұңғыш банк болып атанды.

Айта кетейік, World Finance 100 тізімі өз қызметінде көшбасшы атанған компаниялар мен тұлғалардан құралады. 2011 жылға арналған тізімде стратегиялық көзқарасы мен тапқырлығы қаржының, бизнестің және технологиялардың тұжырымдамалық көрінісін қалыптастыратын бизнестің әлемдік таңдаулы тобы ұсынылған.

2011 жылы сауатты стратегия арқасында Цеснабанк өз активтері бойынша Қазақстанның ірі банктерінің сегіздігінен орын алды. Бұдан екі жыл бұрын банк 14 орында орналастырылған болатын. Активтердің аталмыш өсімі депозиттер өсімінсіз болуы мүмкін емес еді. Депозиттер өсімінің қарқыны бойынша Цеснабанк Қазақстанның шүбәсіз көшбасшыларының бірі атанып, банкке деген отандық депозитарийлердің артып келе жатқан сенімін байқатты. Шетелдік инвесторлардың сенімін, ақтай отырып, Цеснабанк қазақстандық банкттер ішінен біріншілердің қатарында болып дағдарыс кезіндегі еурооблигацияларды қоса алғанда, барлық ірі сыртқы берекшектердің орнын толық әрі уақытылы өтеп шықты. Цеснабанк саладағы ең жоғары-деңгейлердің бірінде өзінің несие портфелінің сапасын сақтай отырып, тұрақты жұмыс пен менедежменттің күшейтілген командасы арқасында жаңа және тартымды бірлескен клиенттерді тартуды да сәтті жүзеге асырды.

— Цеснабанктің инвестициялық саласындағы Goldman Sachs, автомобиль бизнесіндегі Daimler және Volkswagen Group, ақпараттық технологиялардағы SAP және Apple, интернет саласындағы Google және Facebook сияқты компаниялармен қатар World Finance журналының беделді тізіміне енгізілуі — бұл Цеснабанктің сәтті табыстарының дәлелденуі, — деп атап өтті «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы Дәурен Жақсыбек. — 2012 жылдың қаңтар айында «Цеснабанктің" құрылғанына 20 жыл толды. Біздің моделіміз өмірге деген төзімділігін дәлелдеп шыққанына және дағдарыспен ұсынылған пайдалану мүмкіндігі берілгеніне қуаныштымыз.

Тізімге оралу