«Цесна-Астық»: болашаққа деген сенімділікпен!

 

10 Июля 2013

«Цесна-Астық»: болашаққа деген сенімділікпен!

10 мамыр күні «Цесна» инвестициялық корпорациясы өзінің 25-жылдығын атап өтуде. Осы уақыт аралығында «Цесна» сөзі Қазақстан мен шетелде танымал болып, құрметке бөленген нағыз сауда таңбасына айналды. Әлбетте, бұл сөзді ең бірінші кезекте корпорацияның ірі кәсіпорындары — «Цеснабанк» АҚ-мен және «Цесна-Астық" Концернімен байланыстырамыз. Мерейтой қарсаңында біз «Цесна-Астық» Концерні» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Николай Мещеряковты сұхбатқа тартып, концерн тарихы неден басталды, «Цесна» ұны барлығына қалай танымал болды және Қазақстанның бас астық өндірушісі мен наубайшысын алда қандай шыңдар күтіп тұр сияқты сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргіздік.

— Николай Ильич, сонымен әңгімемізді «Цесна-Астық» концернінің тарихы неден басталды деген сұрақтан тарқатсақ…

— Бұл 1990-шы жылдар болатын. Кеңес одағынан бізге нан өнімдерінің комбинаты, элеватор, екі диірмен және 1937 жылғы ФТЛ пешінде қалыпты нан пісіретін нан зауыты мұра болып қалды. Өндірістік операциялардың жартысынан көбін қолмен істеу қажет болды. Кәсіпорынның аумағы қолайсыз болып, жақын маңайда балық пен үйрек аулауға болатын көл орналасқан еді. Бүгінгі күні мүлдем басқа көріністі байқауға болады. Осы уақыт аралығында кәсіпорынның барлық жабдықтары үстінен үлгілендіру және қайта құру шаралары жүргізілді. Тек соңғы үш жылдың ішінде-ақ концерн инвестициялары үш миллиард теңгені құраған. Процесстің басым бөлігі автоматтандырылып, әлемдік-деңгейдегі озат технологиялар қолданылуда. Нәтижесінде, сапалы өнімді шығаруға арналған бар қажетті жағдайлар туғызылды.

— Маңызды деген өзгерістерге шолу жасап өтсеңіз…

— Нан зауытында бидайдан жасалған жұмыр және қара бидай нанын жасаудың замануи желісі іске қосылып, ФТЛ пештерінің орнын қалыпты нан жасайтын қазіргі заман желісі басты. Нан зауытын үлгілендіру мақсатында жұмсалған қаржының жалпы көлемі 1,3 миллиард теңгеге теңелді. Бүгінгі таңда бас қаламызға біздің кәсіпорнымызбен өндірілген нан және нан-то қаш өнімдерінің 30 тоннадан астам көлемі түсіп отырады. Бұл қара бидай және алтын бидай наны, батон, тоқаш өнімдері, кептірілген нан, кепкен кішкене тоқаш, пряник. Адам денсаулығына қолдау көрсететін және микро-макроэлементтер мен дәрумендермен қамтамасыз ететін диеталық және жоғарырецептуралық нан түрлерін шығару көлемі-де жыл сайын артып келеді деп айтуға негіз бар. Бұл нан өнімдері итальяндық, неміс, француз және аустриялық технологиялар бойынша пісіріліп, олардың құрамына асқабақ пен күнбағыс дәнектері, жаңғақ және кебек қосылады. «Финский», «Фьорд», «Восточный», «Целебный», «Здоровье» сияқты сұрыптары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Алайда, біз үшін маңызды әрі стратегиялық қадам болды деп «Цесна-Мак» диірменді-макарон кешенінің құрылысы мен оның пайдалануға берілуін айтуға болады. Әлемдік нарықтың көшбасшысы — Швейцарияның «Buhler AG» фирмасының озат замануи жабдығымен жабдықталған аталмыш кешен бүгінгі күні тәулігіне дайын өнімнің жүз тоннасын шығару қабілетіне ие. «Цесна» сауда таңбасының макарон өнімдері Қазақстанның ішкі нарығында сәтті өткізіліп, шетел мемлекеттеріне-де экспортталады.

— Статистика мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның ұн тарту кәсіпорындарының жалпы қуаттылығы нарық сыйымдылығынан екі жарым есе үлкен. Бұндай бәсеке жағдайларында сәтті жұмыс істеу қолдарыңыздан қалай келеді?

— Біздің басты бәсекелестік артықшылығымыз «Цесна» өнімінің сапасы болып табылады. Алайда, сауатты маркетингтік саятсыз және өнімді дистрибьютерлік арналар арқылы белсенді жыжытусыз жетістікке қол жеткізу мүмкін емес еді. Тиімді дамытуды қамтамасыз ету жолында біз маңызды шешім қабылдап, бар күшімізді брендіміздің дистрибуциясы мен маркетингісіне жұмсадық. Нәтижесінде, бүгінгі күні «Цесна-Астық концерні Ресей мен Грузия, Қырғызстан мен Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан, Молдова, Ауғаныстан және Моңғолия мемлекеттерінде тармақталған серіктестік жүйесіне ие болып отыр. Қазақстанда компания өкілдері еліміздің барлық ірі қалаларында қызмет жүргізеді. Астана мен Алматыда, Қарағанды мен Көкшетауда «Астық-Логистик» және «Алма-Цес» сияқты меншікті дистрибьютерлік компанияларымыз әрекет етеді. Вертикаль ықпалдасудың осындай жоғары дәрежесі арқасында біз өнімді соңғы тұтынушыға дейін жеткізу процессін қадағалай, өнімді нарыққа тез шығара және кез келген өзгерістеріге икемді әрекет ете отырып, нарықты сезе аламыз.

— «Цесна» өнімі жоғары сапаның үлгісі болып есептеледі. Ұзақ жылдар бойы осы сапаны ұстап тұрудың құпиясы неде?

— Сапа стандарттары біздің кәсіпорын қызметінің барлық салаларында басым болып отыр. Концерн басындағы сапаны басқару жүйесі өндірістің барлық деңгейлері мен кезеңдерінде мақсатты, жоспарлы және тұрақты бақылау жүргізуді білдіреді. Біз өз алдымызға үнемі қатаң талаптар қоя білдік. Бізбен шығарылатын өнім сапасының ішкі көрсеткіштері мемлекеттік стандарттардың бекітілген нормаларынан қашанда жоғары. «Цесна» өнімдерінің сапасы сапа менеджменті жүйесінің (СТ РК ИСО 9001–2009) және азық-түліктер қауіпсіздігі менеджменті жүйесінің (МС ISO 22000) сертификаттарымен дәлелденіп отырады. БҰҰ Бүкіләлем азық-түлік бағдарламасы тарапынан жүргізілген сапа аудитінен-де сәтті өтуімізге жазды.

Бидайдың қауіпсіздігі мен сапасына ұзақ жылдар бойы серіктестік жүргізетін тексерулі жеткізушілеріміздің бар болуы кепіл. Меншікті зертханалық бақылау тиіссіз сападағы шикізаттың түсу мүмкіндігін болдырмайды.

Концерн кәсіпорындары қазіргі заманға сай деген технологиялар бойынша таңдаулы жабдықтар арқылы жұмыс атқарады. Соңғы мысал келтіре кетейін. Макарон үшін жарма өндіретін қатты ұн тарту диірменінде қуаттылығы сағатына 5000 кг теңелетін «Сортекс» оптикалық сұрыптаушысын орнаттық. Бұл бірегей жабдық бұған дейін қол жеткізілмеген-деңгейге дейін астықты таңдау сапасының көрсеткіштерін аттырады. Оптикалық сұрыптаудың жүйелерін пайдалана отырып, «Сортекс» өнім көлемінің, пішінінің, тіпті түсінің ұсақ ақауларын табуға қабілетті. Осылайша, тұрақты үлгілендіру, нақты қойылған процесстер, тәртіптің қатаң орындалуы және бақылау арқасында «Цесна» өнімінің сапасы өте жоғары болып отыр.

— Концерн ұжымындағы адамдар мен осы жылдар бойы кәсіпорынды кім басқарғаны жайында да айтып өтсеңіз…

— Кәсіпорынның алғашқы директоры астық өңдеу саласының нағыз кәсіпқойы Александр Остриков болды. Бұдан кейін басшылыққа кәсіпорынға бар ынтасымен берілген әрі оны дамытуға зор үлес қосқан Валерий Пак келді. Мен концернде 1999 жылдан бері еңбек етіп келемін. Біздің командамыз мықты да кәсіпқой деп айта аламын. Бұл құзыреттілігі мен сауаттылығы жоғары мамандар. Барлық қызметкерлеріміздің тәжірибесі, олардың өз жұмысына деген мақтанышы және «Цесна» компаниясына берілгендігі арқасында өніміміздің сапасы да жоғары болып отырса керек.

«Цесна» өнімдерін шығару мамандарлырылған білім мен біліктілікті қажет етуіне орай, қыруар қаражатты біздің персоналымызды оқытуға жұмсап, әрқайсысына кәсіби өсім мен даму үшін қажетті жағдайларды туғызуға ұмтыламыз.

— Концерннің бүгінгі бағыты қандай?

— Бүгін «Цесна-Астық» концерні — Қазақстанның астық өңдеу саласының көшбасшысы. Әрине, бұл бағытымызды одан әрі жалғастыру ниетіміз бар. Кәсіпорнымызды дамыту және үлгілендіру мүмкіндіктерін үнемі іздестіріп отырамыз. Болашақта шаруашылығымызды күшейту, макарон өндірісінің қуаттылығын арттыру, ел ішіндегі және одан тыс нарықтағы үлесімізді еселеу, ұсынылатын өнімің сұрыптамасын кеңейту жоспарымыз бар. Негізгі мақсатымыз — қауіпсіз және сапалы өнім шығару, әр шаңыраққа қуаныш пен денсаулық әкелу және тұтынушыларымызға жақсы көңіл-күй сыйлау.

Дерекнама: «Инфо-Цес» 6.050.2013ж.
Авторы: Аркадий БОЯРСКИЙ
Суретке түсірген: Александр ГОНЧАРЕНКО

Тізімге оралу