Диірменнен дастарқанға дейінгі жол, немесе макарон фабрикасына экскурсия...

 

10 Июля 2013

Диірменнен дастарқанға дейінгі жол, немесе макарон фабрикасына экскурсия...

6 сәуір күні астаналық № 10, 18, 25, 27 жалпы білім беретін мектептерінің жоғары класс оқушылары «Цесна-Астық" Концернінің макарон фабрикасында болып қайтты. Ашық есіктер күні өндірістік «асүйдің" құпияларын ашып, қызықты да берекелі кәсіпті таңдаудың мүмкіндіктерін көрсетті.

Білімқұмар оқушыларды тікелей өндіріс жүріп жатқан жерге апармас бұрын, макарон фабрикасының инженер-технологы Ренат Ким мен персонал жөніндегі директор Гүлнәр Қаленова қауіпсіздік техникасы бойынша қысқаша нұсқама жүргізіп, макарон фабрикасына келген барлық меймандармен сақталуы тиіс стандарттар жайлы әңгіме жүргізді. Шулы өндіріс басында экскурсия жасаушыларына балаларға алып машиналар жұмысының ерекшеліктерін түсіндіру үшін дауыстарының бар күшін салу қажет болды.

Макарон фабрикасы қызметкерлерінің еңбегі оңай деп айту қиын. Бұл жандардың алдында халықты тек тамақтандыру ғана емес, барлығын дәмді-де сапалы ету мақсаты тұр. Сол себепті-де, бұндағы мамандар макарон ісінің егжей-тегжейін жақсы біледі. Инженер-технолог Ренат Ким қатты бидайдың биологиялық ерекшеліктері, астық сапасы мен оны өңдеудің басты көрсеткіштері, сонымен қатар қатты ұн тарту диірмендері қолданатын швейцариялық Buhler жабдығы жайында лекция оқыды. Персонал жөніндегі директор Гүлнәр Қаленова өндірісте сұранысы жоғары мамандықтар жайлы сөз қозғады. Оның сөзінен анық болғандай, бүгінгі таңда жоғарыбілікті технологтар, инженерлер және шетел тілдерін білетін бағдарламашылар жетіспейді екен.

Күннің аяғына қарай жалпы 8 экскурсия ұйымдастырылып, әр қонаққа Концерн атынан шиыршық түрінде иірілген «Цеснаның" ең танымал макарондар бумасы тарту етілді. Фабрикаға жасаған саяхаттан шабыт алған балалар өз кезегінде жергілікті қызметкерлердің білімі мен біліктілігі жайлы сұрастырып, тартымды да маңызды экскурсия үшін алғыстарын білдіріп жатты.

Кез келген іске бар жаны мен жүрегін салатын «Цесна-Астық" Концерні» АҚ өзін әлеуметтік тұрғыдан жауапты кәсіпорын ретінде көрсете білді. Жыл сайын компания мектеп оқушыларына, Елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың қызметкерлеріне, сонымен қатар шетел және отандық серіктестерге арналған «Ашық есіктер күні» форматындағы 30-ға жуық іс-шара өткізіп отырса керек.

Тізімге оралу