«Info-Цес» газеті Елорданың 15-жылдығына арналған «Астана Таңдауы» конкурсына қолдау көрсетті

 

10 Июля 2013

«Info-Цес» газеті Елорданың 15-жылдығына арналған «Астана Таңдауы» конкурсына қолдау көрсетті

Қалалықтар пікірі бойынша «Үздіктілердің» аттары жария етілген күнге жетуге де жазды. Бүгін түнгі 24.00-де astana.kz сайтында «Астана Таңдауы» конкурсының номинанттары үшін дауыс беру аяқталды.

«Астана Таңдауы» конкурсы үздік мұғалімдер мен дәрігерлерді, инспекторлар мен құрылысшыларды, қоғамдық көлік жүргізушілері мен энергетиктерді және жол жөндеушілерді анықтау мақсатында өткізілген болатын. Айта кетерлігі, 15 күнге теңелетін уақыт ішінде конкурс 87 252 адамның дауысын жинаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, саны жағынан да, белсенділігі жағынан да мұғалімдер номинациясы алда болды. Солай, «Таңдаулы педагог» атағының иегері болып Райымбек батыр ат. № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің ұстазы – Иманқұлова Рәбиға Тәшкенбайқызы атанды.

«Астана қ. әкімдігінің № 1 қалалық ауруханасы» МКК қызметкері, жұмыс өтілі 23 жылға теңелетін дәрігер Әбдуов Марат Қарсыбекұлы 3596 дауыс жинап, «Таңдаулы дәрігер» номинациясында жеңімпаз атанды.

31 жыл жұмыс өтілі бар Кәкенова Рауза Жүнісбекқызы, «Астана-Теплотранзит» АҚ жөндеу және тұтынушылар есебі қызметінің бастығы «Энергетик» номинациясында үздік болып атанды. Оған 5 317 дауыс берілген.

«1» Автобустар паркі» АҚ қоғамдық көлігінің жүргізушісі Күлтаев Қанат Хамзинұлы қалалықтардың пікірінше, өз номинациясында ең үздігі болып атанды. Жүргізуші кәсібіне 24 жыл жұмсаған Қанат Күлтаев үшін 315 адам дауыс беріпті.

Жол жөндеушісі Шевченко Вячеслав Викторович өз қоржынына 72 дауыс жинап, «Таңдаулы жол жөндеуші» номинациясына қол жеткізді. «Казахавтодор» Ақмола филиалының қызметкері бұл кәсіпке өмірінің 32 жылын арнаған екен.

«Таңдаулы құрылысшы» атағындағы номинант үшін – 1 734 дауыс жіберілсе керек. Жеңіске «Алтын ХХI» ЖШС қызметкері Үмбетов Сүндет Ізбасарұлы жетті.

Астана қ. ІІБ ОП -14 СР 24 жасар қызметкері Ширтаев Мұрат Балтанбекұлы, жас болуына қарамастан, қалалықтардың ардағына ие болып, 1341 дауыс жинапты.

Жеті кәсіптегі үздік өкілдердің тарихы бар қалаға аян болды. Сұранымдар тек Астана қаласынан ғана емес, тіпті Ресей мен Украинадан да келіп түскен көрінеді. Алғысы шексіз оқушылар мен емалушылар, кәсіпқой-құрылысшылар тұрғызған үйлерде тұратын адамдар адал ниетті еңбеккерлер үшін дауыс берген.

Бар конкурстық кезең ішінде ұйымдастыру комитетіне 170 сұраным келіп түскен.

Дерекнама: www.astana.kz

Тізімге оралу