Цеснабанктің жарғы капиталы 5,04 млрд. теңгеге артты

 

10 Июля 2013

Цеснабанктің жарғы капиталы 5,04 млрд. теңгеге артты

«Цеснабанк» АҚ Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Банкпен жалпы сомасы 5, 040 млрд. теңгеге теңелетін қарапайым акциялардың 2 800 000 данасы орналастырылғаны жайында хабарлайды. Әр акцияның құны 1 800 теңгені құрады.

Банкпен орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы саны 33 100 000 дананы, артықшылықты акциялар — 2 500 000 дананы құрады. Орналастыруға ұсынылған акциялар инвесторлардың шектелмеген тобы арасында сәтті өткізілді.

Бұл ретте, «Цеснабанк» АҚ төленген жалпы капиталы 40, 080 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде, қарапайым акциялардың сомасы 37,580 млрд. теңгеге, ал артықшылықты акциялардың сомасы 2,5 млрд. теңгеге теңелді. Жарғы капиталының өсімі 14,4%-ды көрсетті.

Тізімге оралу